К 30-летию Независимости Казахстана | 22 маусым 11:43

2022 жылы «Самұрық-Қазына» тобы рекордтық таза пайда тапты

«Самұрық-Қазына» тобының кірісі 14 785 миллиард теңгеге жеткен.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» брифингінде Қордың экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Нәзира Нұрбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2022 жылы «Самұрық-Қазына» тобының кірісі 14 785 миллиард теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп.

 

Таза пайда 1 922 миллиард теңге болып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артқан.

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті – қарыз / EBITDA 1,7-ге дейін жақсарды.