К 30-летию Независимости Казахстана | 11 сәуір 08:20

2023 жылдың І тоқсанында 3 миллионнан астам жолаушы ҚТЖ пойыздарында саяхат жасады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 3,2 млн-нан астам жолаушы тасымалданды, деп хабарлады Қазақстан Темір Жолының баспасөз қызметі. 

Тасымалдау деңгейі өткен жылғы көрсеткіштен 6% (180 мың жолаушыға) асып түсті.  Оның ішінде 546 мыңнан астам адам қала маңындағы электр пойыздарын пайдаланды, бұл көрсеткіш 2% артты. 

Қазақстан бойынша барлығы 140 жолаушылар пойызы жүреді, оның ішінде 102 маршрутқа "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 28 маршрутқа жеке тасымалдаушылар, ал 10 маршрутқа көрші елдердің т/ж әкімшілігі қызмет көрсетеді.