«Әйелдерге арналған вагондар» қызметі енгізілген сәттен бастап 2021 жылдың 3 айы ішінде - 13 мыңнан астам жолаушы қатынады. Осылайша әйелдердің қауіпсіз саяхаттауын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген қызметтің жолаушылар арасында сұранысы артып келеді.
Бүгінгі таңда «әйелдерге арналған вагондар» 8 жолаушылар пойызының құрамында жүреді:
№77/78 «Алматы-Маңғыстау»№07 купе вагоны; №351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны; №45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны; №37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны; №47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны; №33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» № 06 купе вагоны; №4/3 «Астана-Алматы-2» № 17 купе вагоны; №71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.Айта кетейік, бұл вагондарға отырған әйел-жолаушыларына жеті жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілген.