К 30-летию Независимости Казахстана | 16 тамыз 08:31

2023 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі 100 вагонмен толығады

2023 жылдың соңына дейін «ЗИКСТО» АҚ шығарған жаңа жолаушылар вагондары жеткізіледі деп күтілуде.

Вагондар ауа баптау, бейнебақылау және өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Тоңазытқыштар, микротолқынды пештер, ішетін суы бар диспенсермен және ыстық су титаны бар. Электр розеткалары орнатылған.

Жаңа вагондармен елдің батыс бағытында жүретін құрамдарды жаңарту жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап Stadler компаниясының экологиялық таза дәретхана кешендерімен, электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, USB, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен жабдықталған заманауи вагондарын жеткізу басталады. 2030 жылға дейін 537 вагон сатып алынады. 

Соңғы 10 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі 50% жаңартылды. Қауіпсіздік, жайлылық және экологиялылық бойынша заманауи халықаралық талаптарға жауап беретін 1200-ден астам вагон сатып алынды.