Конференция жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің он теміржол әкімшіліктерінің, сондай-ақ Достастыққа қатысушы мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің өкілдері қатысты.
ХХХІІ Тарифтік конференциясыТарифтік келісімнің 30 жылдығына орай өткізілді.
1993 жылы осы құжатқа қол қоя отырып, теміржол әкімшіліктері бірыңғай қағидаттар негізінде әзірленетін Үйлестірілген тарифтік саясатты қолдануға келісті.
Тәжірибе көрсеткендей, оны қолдану халықаралық қатынастарда теміржол көлігімен жүктерді тасымалдаудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал теміржол әкімшіліктері экономикалық және геосаяси көлік нарығының барлық өзгерістеріне уақтылы және барабар жауап беріп отырды.
Конференцияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 2024 фрахталық жылға халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған Теміржол тарифтік саясаты қабылданды.
Тарифтік саясат істерін басқарудың 2024 жылға арналған функциялары Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігіне жүктелген