Орталық Азия елдеріне 457 мың тонна, Қытай – 187 мың тонна астық, Ақтау порты арқылы Иранға 140 мың тонна астық экспортталды. Қазан айында негізгі жоспармен 1,3 млн тонна астық жүктерін тасымалдау келісілді.
Осы жылдың 9 айында 6,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспортқа – 5 млн тонна.
ҚТЖ өкілдері еліміздің астық егетін өңірлерінде астық нарығына қатысушылармен кездесулер өткізді, онда жаңа егіннің астығын тасымалдау талқыланды, өзара іс-қимылдың бірқатар тұжырымдамалық мәселелері шешілді. Кездесулерге 100 астам фермерлер, трейдерлер және элеватор иелері қатысты.