Үлбі металлургия зауытының (Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорны) аумағында АЭХА Төмен байытылған уран банкі орналасқан.
Оны құрудың мақсаты – ядролық отын өндіру үшін шикізаттың кепілді қорымен уранды байыту технологиялары жоқ АЭХА-ге мүше мемлекеттерді қамтамасыз ету.
Биылғы жылы АЭХА Бас конференциясының 68-ші сессиясының көрмесі аясында Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуы өтті. Ол бейбіт атомды дамытуға, елдің жаһандық ядролық қауіпсіздікке қосқан үлесіне және уранның тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етуге арналды.