К 30-летию Независимости Казахстана | 14 қаңтар 11:31

2024 жылы Павлодар мұнай-химия зауыты рекордтық 5,5 млн тонна мұнай өңдеді

2024 жылы Павлодар мұнай-химия зауыты («ПМХЗ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) рекордтық 5,5 млн тонна мұнай өңдеді.

Мұнай өнімдерінің өндірісі: автокөлік бензині — 1 млн 607 мың тонна, өсім 3,5%; дизель отыны — 1 млн 849 мың тонна, 1,4%-ға ұлғайды; авиациялық отын — 236 мың тонна, өсім 16,5%; сұйытылған мұнай газы — 321 мың тонна, 3,5%-ға артты; жол битумы — 360 мың тонна, өсім 24,5%.

Өңдеу коэффициенті: 2024 жылы ПМХЗ жеңіл мұнай өнімдері өндірісінің рекордтық деңгейіне — 73,2% және өңдеу тереңдігі — 91,5% жетті. Технологиялық отын мен шығын көрсеткіші 6,6%-ға азайып, 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 0,3%-ға төмен болды.

Сонымен қатар дизель отынын гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жобасының бірінші кезеңі аяқталып, жобаның екінші бөлігі бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Нәтижесі: жоба аяқталғаннан кейін ПМХЗ Цельсий бойынша минус 28 градусқа дейін қатпайтын үшінші класты қысқы дизель отынын өндіре алады. Бұл отын еліміздің солтүстік аймақтарында ең көп сұранысқа ие.

Сумен жабдықтау және кәріз цехының 1-ші биологиялық тазарту жүйесінен кейін сарқынды суларды сүзу станциясы салынып бітті. Нәтижесі: зауыттың экологиялық тұрақтылығын едәуір арттыру және су ресурстарын тиімді пайдалану.

Жылдың екінші жартысында Ауа компрессорлық станциясында технологиялық процестерге тұрақты ауа беруді қамтамасыз ететін жаңа аса қуатты компрессорлар іске қосылды. Нәтижесі: ПМХЗ-ны жаңа өндірістермен кеңейту, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, энергия ресурстарын 15%-ға үнемдеу.

Компаундтеу және мұнай өнімдерін жөнелту өндірісінің «Тауар-шикізат парктерінде автоматты өрт дабылы мен автоматты өрт сөндіру жүйесін реконструкциялау» жобасы аяқталды. Нәтижесі: жобаны іске асырудың нәтижесінде 38 резервуар паркінде өрт сөндіру қондырғыларын автоматты басқару қамтамасыз етілді.

Merox технологиясы бойынша сұйытылған көмірсутек газдарының қондырғысын салу жөніндегі бес жылдық жоба аяқталды. Нәтижесі: өнім сапасы артып, меркаптан күкірті шығарындылары азаяды, бұл өз кезегінде өңірдегі ауа сапасын жақсартады.