К 30-летию Независимости Казахстана | 29 қаңтар 08:17

2024 жылы ТХКБ бағыты бойынша 4 млн тонна жүк тасымалданады

Анкарада (Түркия) "Транскаспий халықаралық көлік бағдары" Халықаралық қауымдастығы жұмыс тобының және Жалпы жиналысының отырыстары өтті.

Жалпы жиналыс отырысында 25 қатысушының (әр түрлі елдерден көлік және логистика саласындағы ірі халықаралық және өңірлік ұйымдар) бірауыз шешімімен "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы 3 жылға "ТХКБ" ХҚ басқарма төрағасы болып қайта сайланды.

Сондай-ақ, қаржы институттарының (ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк), DTC Global жаһандық мультимодальды цифрлық платформасының, Қазақстан мен Түркия жүк жөнелтушілерінің қатысуымен "ТХКБ: трендтер, сын-тегеуріндер мен перспективалар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара шеңберінде 2024 жылға арналған жоспарлар мен тарифтер бекітілді, қызметті жандандыру жөніндегі әрі қарайғы қадамдар және маршруттарды кеңейту перспективалары талқыланды.