2029 жылға дейін Қазақстанда 13,3 ГВт жаңа энергия қуатын, соның ішінде 7,4 ГВт дәстүрлі генерация және 5,9 ГВт ЖЭК қуат көздерін іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс баяндады.
«Жалпы алғанда, 2029 жылға дейін жоспарланып отырған жаңа қуаттарды іске қосу іс-шаралары экономика мен халықтың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін, оның ішінде энергияны көп қажет ететін жасанды интеллект инфрақұрылымы мен ірі ДӨО-ларға да жеткізуге, сондай-ақ өндіруші қуаттардың 20%-дық профицитін қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді вице-министр.Бүгінгі таңда Энергетика министрлігінің мәліметінше, барлық энергия қуатының негізгі бөлігін дәстүрлі генерациялау көздері қалыптастырып отыр: көмір электр станциялары – 13,7 ГВт, газ электр стансалары – 7,1 ГВт және ірі гидроэлектростансалар – 2,5 ГВт, ЖЭК нысандары – 3,8 ГВт. 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы электр энергиясын өндірудегі ЖЭК-тің үлесі жоспарланған 7%-дан асып 8,5%-ға жетті. 2035 жылдың соңына дейін кемінде 8,4 ГВт-тық жаңа ЖЭК қуатын, оның ішінде шамамен 1,8 ГВт күн генерациясын іске қосу күтілуде.
t.me/KZgovernment