Samruk-Kazyna Construction тапсырысы бойынша 208 мектеп – 2024 жылы, 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.
10 мектеп жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша, оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын нысанды сатып алу тетігі арқылы салынады.
Осылайша, ұлттық жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңіне енген барлық 208 мектептің мердігерлері (консорциум жетекшілері) мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арасында ЕРС-шарттарға қол қойылды.