"Шоқпар-Гагаринское" ЖШС ("Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ 100% еншілес компаниясы) мамандары Жамбыл облысында орналасқан кен орындарында өнеркәсіптік сапасы мен қор есебін бекіте отырып, геологиялық барлау жұмыстарының бағалау кезеңдерін аяқтады деп хабарлайды Ұлттық тау-кен компаниясының баспасөз қызметі.
ҚР Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешімімен Гагаринское кен орынының қорлары С1+С2 санаты бойынша – 2257,4 мың тонна кен, орташа құрамы 4,48 ж/т алтын – 10 104,3 кг, орташа құрамы 37,31 ж/т күміс – 84,2 тонна мөлшерде бекітілген.
Шоқпар кен орынының қорлары С1+С2 санаты бойынша –1554,1 мың тонна кен, орташа құрамы 7,05 ж/т алтын – 10 952,9 кг, орташа құрамы 33,14 ж/т күміс – 51,5 тонна мөлшерде айқындалған.
Жобаның келесі кезеңдерін іске асыру үшін "Тау-Кен Самұрық" стратегиялық серіктестер тартуға мүдделі.
Гагаринское кен орны Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматыдан батысқа қарай шамамен 200 шақырымда және Отар теміржол стансасынан 60 шақырымда орналасқан.Телімнен Алматы-Бішкек автотрассасына дейін қатты жабын төселген жол 17 шақырым; дала бойынша – 8 шақырым. Жақын орналасқан теміржол стансасы Бірлік кен орнынан 35 шақырымда. Жоғары вольтты электр желісі Бірлік кентінде аяқталады, төмен вольтты электр қуаты телімнен 8 шақырымдық қашықтықта өтеді.
Шоқпар кен орны Жамбыл облысының Қордай ауданының аумағында Гагаринское кен орнынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Алматы - Бішкек автомагистралына шығатын асфальтталған автожол кен орнынан 5 шақырым қашықтықта өтеді. Шу және Отар теміржол стансаларына өткел бар. Кен орнынан 10 шақырым қашықтықта кен орнына тармақталған жоғары вольтты электр желісі өтеді.