К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қаңтар 15:01

26 қаңтарда Астанада ІІ Корпоративтік қайырымдылық форумы өтеді

Форумға үш жүзден астам адам қатысады.

Форумда «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысын қоғам назарына ұсынады, сондай-ақ панельдік сессиялар барысында қайырымдылық саласындағы табысты кейстердің таныстырылымы мен қолдау құралдары түсіндіріледі.

Форумға 300-ден астам адам:

уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері; қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының басшылары; жетекші отандық және халықаралық сарапшылар; Қордың портфельдік компанияларының басшылары; БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін уақыты: 16:30.                                

Өтетін орны: Астана қ., Бөкейханов к-сі, 1 А, Президенттік орталық,2 қабат, көпфункционалды зал