К 30-летию Независимости Казахстана | 16 ақпан 13:30

28 ақпанда Үлкен ауылында АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Ақпараттық қолдау білдіруші – «Самұрық-Қазына» қоры.

28 ақпанда сағат 11:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы орта мектебінің акт залында АЭС құрылысы туралы көпшілік алдында тыңдау өтеді, деп хабарлады Samruk-Kazyna official.

Онда жергілікті тұрғындар жоба туралы пікірін білдіріп, арнайы келген сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі болады Кездесуді ұйыдастырып жатқан – Алматы облысындағы Жамбыл ауданының әкімдігі. Ақпараттық қолдау білдіруші – «Самұрық-Қазына» қоры.

«Біз іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз. Кездесуді Қордың YouTube және Instagram парақшаларында тікелей эфирде көруге болады Сонымен қатар, іс-шараға оффлайн қатысуға болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек (жол шығынын қатысушының өзі төлейді)» делінген хабарламада.