"Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар ұшағының апат болуы салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2019 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялансын" делінген Ақорда сайтында жарияланған мәтінде.
Еске сала кетсек, бүгін таңертең, яғни 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұрсұлтан бағыты бойынша "Bek Air" әуе компаниясының №Z2100 рейсі әуеге көтерілу кезінде құлады. Ұшақ бетон қоршауды сындырып барып, екі қабаттан тұратын ғимаратқа соғылды.
Шұғыл Мемлекет басшысының нұсқауымен Үкіметтік комиссиясы құрылды. Кінәлілердің заңға сай қатаң жазаланатыны мәлімделді.
Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы, жалпы "Bek Air" компаниясының қызметі тоқтатылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Қайтыс болғандардың ішінде "Информбюро" порталының шығарушы редакторы Дана Круглова мен "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі төралқасының төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров бар.