К 30-летию Независимости Казахстана | 05 мамыр 09:30

3 айда – 23 млн тонна экспорт

2022 жылдың бірінші тоқсанында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша жүктерді экспортқа тасымалдау 22,9 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6% көп. Жүк тасымалдарының жалпы көлемінде экспорт үлесі 35 пайыздан астам.

Экспорт сегментінде тас көмір басты орынға ие. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 8,9 млн тонна қатты отын экспортталса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайыз жоғары. Астық экспорты 30 пайыз, яғни 2,2 млн тоннаға дейін өсті.

Теміржол арқылы экспортқа жөнелтілетін мұнай өнімдерінің көлемі 1,1 млн тоннаны, қара металдар 1,2 млн тоннаны, темір кені 3 млн тоннаны құрады.

Қазақстандық өнімнің ірі импорттаушылары – Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері. Атап айтқанда, қазақстандық көмір Ресейге, Өзбекстанға, Үндістанға, Грузияға, Швейцарияға, Польшаға, Кипрге, Түркияға және басқа да елдерге жеткізіледі. Ал қазақстандық астық Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, ҚХР, Тәжікстан, Түркия, Бельгия, Италия, Ұлыбритания және тағы басқа елдерге экспортталады.