Олардың әрқайсының кәсібилігі, зейінділігі, жедел іс-әрекеттерінің арқасында вагондардың жолдан шығуына, апаттар мен соқтығысуларға жол берілмеді. Ақмола, Павлодар жүк тасымалы бөлімшелері мен «Батыс» филиалының вагон тексеруші-жөндеушілері өздерін оң қырынан көрсете білді, сол үшін де оларға ақшалай сыйлық төленді.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Семей, Жамбыл бөлімшелерінің, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы және Атырау бөлімшесінің 14 қызметкеріне «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісі 30 АЕК көлемінде бір реттік ақшалай сыйақы төлеумен табыс етілді. Қызметкерлерді ынталандыру үшін жұмыс беруші 1,8 млн теңгеден астам қаражат бөлді.
Осы жылдың 15 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Құмыстау-Таусамалы аралығымен жүріп келе жатқан кезде құрамында машинист Юрий Земзюлин және машинист көмекшісі Ернар Бияхметов бар локомотив бригадасы бұрылысты учаскеден шыққанда пойыздың үйілген тастарға барып соқтығысуын болдырмады. Сол күні тас пен топырақ опырылып темір жолды жауып қалған болатын.
2022 жылдың 19 маусымында Балқаш станциясындағы ӨТБ вагондарын тексеруші-жөндеуші Есқат Боқашев жүк пойызы вагонындағы доңғалақ жұбы бөлшектерінің ақауын тауып, жол жүрісі бойында апаттың алдын алды. Мақат станциясында және «Батыс» филиалының Атырау бөлімшесінің вагон қараушы-жөндеушісі Жолдыбай Айтжанов вагондарды автотіркеу тетігіндегі ақауды анықтап, қырағылық танытты.