Бөгде адамдардың станция жолдарына шығуын болдырмау жөніндегі іс-шаралардың жоспары аясында теміржолға жақын орналасқан елді мекендердің 14 мыңнан астам тұрғынымен кездесулер ұйымдастырылып, оларға теміржолдан өтудің қауіптілігі мен ережелері түсіндірілді. 237 оқу орнының 9,8 мың оқушысы үшін қауіпіздік сабақтары өткізілді.
Теміржолға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарының қауіпсіздігіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ айтарлықтай үлес қосып отыр: соңғы 4 жылда 54 шағын станцияда теміржолдың күшімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Ал 2021 жылы 10 станцияда жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Ай сайын өтпе жолдардың, жаяу жүргіншілер жүретін көпірлер мен жолдардың, жолаушылар платформаларының техникалық жағдайы тексеріледі.