Жыл соңына қарай кеншілер 45 млн тоннаға жуық көмір жөнелтіліп, бұл кәсіпорынның өндірістік қуатынан асып түскен (42 млн тонна). Жылдық жоспар – 41,30 млн тонна – 5 желтоқсанда орындалып қойған.
Қазақстанның энергия жүйелерінің көмірді тұтынуы күрт өсіп, "ГРЭС Топар" ЖШС, "Павлодарэнерго" АҚ Павлодар ЖЭО-2, 3 тараптарына жоспардан тыс көмір жөнелтілуі және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықты өтеуге көмірдің көп тиелуі оның биыл өндіру және сату көлемінің ұлғаюына себеп болған.
"Богатырь Көмір" кеніштерінен алынатын көмір Қазақстан мен Ресейдің электр және жылу станцияларында отын ретінде, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықты өтеуге пайдаланылады. Оның негізгі пайдаланушылары – "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС және Рефтинск ГРЭС, оларға жөнелтілетін көмірдің үлесі 45%-дан асады.