К 30-летию Независимости Казахстана | 26 шілде 09:51

5 жылдан кейін: келесі асуға қол созу

Биыл "ӨзенМұнайСервис" ЖШС Жас мамандар кеңесінің құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осыған орай, кәсіпорын жастары, таяуда Маңғыстау облысы Шетпе кентінің маңындағы "Көгез" этноауылында бас қосты.

Жас мамандар Кеңестің 5 жылдық мерейтойымен қоса, Қазақстан мұнайының 120 жылдығын, Еңбекті қорғау жылы мен Елбасы жариялаған Жастар жылын атап өтті.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес мекемелерінің жас мамандары шақырылған басқосу екі күнге созылды.

Шаралар легін бастап берген форум барысында өндіріс өрендерін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ әлеуметтік саясат және ішкі коммуникация департаменті директорының орынбасары Қ. Қалидуллин, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары С. Бекмамбетов, экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Б. Базарбаев және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директоры Н. Ермағанбетов құттықтады.

Сонымен қатар, құрметті қонақ ретінде шақырылған ардагер мұнайшы Д. Игилманов жастарды адал әрі өнімді еңбекке шақырса, кәсіпқой боксшы У. Бисенқұлов спорттағы жетістіктерімен жігерлендірді. Жас кәсіпкер Б. Орысбаев болса, бизнестегі табыс сырларымен бөлісті. 

Жиынға қатысушылар табиғат аясына серуендеп, зияткерлік және ұлттық ойындар көрігін қыздырды. Қорытындысында үздік те белсенді жастар марапатталды.