К 30-летию Независимости Казахстана | 28 тамыз 16:32

50 жыл – ел игілігіне!

Қаражанбас кен орнында компанияның жарты ғасырлық мерейтойына орай І вахта жұмысшыларына арналған концерт өтті.

Іс-шарада компания басшылығы, кәсіподақ төрағалары мен арнайы шақырылған қонақтар өлке өндірісін өркендетуге үлес қосып жүрген қара алтын игерушілерді 50 жылдықпен құттықтап, ел экономикасын дамытудағы елеулі еңбегі үшін алғыс білдірді.

Жұмысшылар алдымен мерейтойға арнайы түсірілген «Қаражанбас-Қазынам» деректі фильмін тамашалады. Фильмде компанияның даму тарихы, еңбек ұжымының жеткен жетістіктері топтастырылған. Сондай-ақ қаражанбастықтардың бірлігі арқасында атқарылған игі істер мен тың жобалар тізбектелді. Бұдан соң дәстүрлі түрде өтетін «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды. ҚБМ басшылығы оларды жетістігімен құттықтап, жарыстың аймақтық кезеңіне сәттілік тіледі.

 

Мұнайшыларға құрмет мұнымен шектелмеді. Мерекелік атмосфера маңғыстаулық әншілер мен ҚР эстрада орындаушыларының концертіне ұласты. Жұмысшылар әсем әндер шырқалған көңілді кештен ерекше әсер алды.