Зерттеу барысында пойыздар кестесін құрастыру, жолаушылар ағыны, экономикалық пайда мен теміржол инфрақұрылымының жай-күйі бағаланды.
Нью-Йорк пен Скрантон арасын шамамен 2 сағат 50 минутта жүріп өтетін күніне үш жұп пойыз қозғалысын ұйымдастыру жоспарлануда. Қозғалыстың жоғары жылдамдығы шамамен 177 км/сағ болуы мүмкін, ал жылдық жолаушы тасымалы 470 мың адамға бағаланып отыр. Скрантон мен Нью-Йорктен басқа, жеті аралық станцияда аялдамалар қарастырылған.
Бұған дейін бұл маршрут бойынша пойыздар жүрген, тек 1970 жылы оны тиімсіз деп тоқтатқан.