К 30-летию Независимости Казахстана | 12 мамыр 08:33

50 жылдық мерейтой

Жуырда Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

«Биыл «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығымен қатар Компанияға қарасты «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының 50 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Жүктерді қабылдау, түсіру, қоймалау, сақтау, өнідіріске жіберу, базаларға түскен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау келісімшартына мониторинг жүргізу жұмыстарымен айналысатын басқарма ұжымының Компания қызметінде алар орны зор», – деді ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік құрылымдық бөлімшесі 1972 жылы бұрынғы «Ембімұнайтехснаб» конторасы негізінде құрылды.

Кеш барысында Қазақстан-британ пианисті, халықаралық конкурстардың лауреаты, Музыка Корольдігі академиясының магистрі Дина Дүйсеннің және аталған Өнер академиясы оқушыларының концерті көрермен назарына ұсынылды.