К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қазан 07:32

50 мың билет 40 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатылады

Қазақстандық лоукостер барлық бағыт бойынша 50 000 орынды 40%-ға дейінгі жеңілдікпен ұсынатын жаппай сатылымды бастады. Билеттер әуетасымалдаушының барлық 26 бағытын қамтиды.

Атырау қаласындағы бекеттен орындалатын жаңа рейстерге билет сатылымы 2 999 теңгеден басталады.

Сатылым кезеңі: 15-17 қазан аралығы. Саяхат кезеңі: 2020 жылғы 1 қараша мен 2021 жылғы 1 наурыз аралығы.

Билетті  flyarystan.com сайты мен мобильді қосымша арқылы алуға болады.

«Бұл қазақстандықтарды қуантуға мүмкіндік беретін бюджеттік компанияның алғашқы науқаны емес. Минималды тариф 5 кг қолжүгін қамтиды. Жолжүк, орын және басқа да қосымша қызметтерді билетті сатып алған кезде және де кейін, бірақ ұшуға кем дегенде 2 сағат қалғанда, алуға болатынын естеріңізге салады» делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.