К 30-летию Независимости Казахстана | 27 маусым 16:17

50 теміржол өткеліне бейнекамера қойылады

Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясы темір жол өткелдерін бейнетіркеу құралдарымен жабдықтау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Rail-news.kz.

Жыл басынан бері Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Семей және Алматы өңірлеріндегі қозғалыс жиілігі жоғары 10 темір жол өткеліне «Бүркіт» бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешендері пилоттық режимде орнатылды.  

Мамандардың айтуынша, өткелдерді бейнекамералармен жабдықтау өткелдердегі апатты азайтып, автокөлік иелерінің көлік жүргізу мәдениетін арттыруға септік етеді. Мәселен, Астана станциясындағы өткелде (805 км) ЖҚЕ бұзу фактілері 4-5 есе азайған.  

Жыл соңына дейін бейнетіркеу жүйелері тағы 50 темір жол өткеліне орнатылады.