2018 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа өндірістер құруды ынталандыратын импортты алмастыру бағдарламасын жүргізіп жатыр.
Отандық бизнеске, ұзақ мерзімді оффтейк-шарттар негізінде, кейіннен Қордың компаниялар тобы сатып алатын, жаңа өнімдерді шығару ұсынылады. Импортты алмастыруға арналған тауарлардың мақұлданған Пулы жалпы құны 323 миллиард теңгені құрайтын 707 тауарлық тауардан тұрады. Жалпы сомасы 77 млрд теңге құрайтын 106 оффтейк-шарт жасалды.
2021 жылдың маусым айы бойынша, импортты алмастыратын өнім өндірісін құрған кәсіпорындар бюджетке салық түрінде 18 миллиард теңге төледі.
Сонымен қатар, жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеге 2 ниет туралы меморандумына қол қойылды (KEGOC АҚ-ға трансформаторлар және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның вагондарына сигнализация жеткізу).
Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын жаңа өндірістердің бағдарламаларын қолдау үшін қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілер бағдарламаға қатысуға өтініш бере алатын svoyzavod.kz сайты ашылды.