Кездесу барысында тараптар мемлекеттер арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдау қарқынына тиімді тариф саясаты септігін тигізіп отырғаны тілге тиек етті. 2021 жылдың алты айында 12 млн тоннадан астам жүк тасымалданған.
Екі ел өкілдері темір жол көлігі саласындағы байланыстарды дамыту жөніндегі үкіметаралық бастамаларды іске асыру үшін тасымал көлемін одан әрі ұлғайта түсу мәселелерін талқылады. Аталған бастама аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа темір жол желісін салу жобасы іске аса бастады, оның ішінде Дарбаза – Мақтарал жобасы да бар. Жаңа желі Өзбекстанмен қарым-қатынаста қосымша мүмкіндіктер ашып, Сарыағаш – Келес шекара өткеліндегі кептелісті азайтады.
Келіссөздер барысында өзбек компанияларының («УзбекТемирЙулЭкспедиция» және «УзбекТемирЙулКонтейнер») ««Транскаспий халықаралық көлік маршруты» қауымдастығы мүшесі ретінде қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.
Тараптардың айтуынша, бұл жаңа нарықты дамытуға және трансконтиненталды жүк тасымалы ағынының артуына жол ашады.