12–13 қыркүйек күндері елордада жүзуден «Мастерс санатында Қазақстанның ашық чемпионаты» өтті. Оған 100-ден астам адам қатысты.
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Samruk Swim Team командасы 70 медаль жеңіп алды:
44 алтын 19 күміс 7 қола«Самұрық-Қазына» тобының компаниялары атынан қатысқан спортшылар түрлі қашықтық пен жүзу стилі бойынша, сондай-ақ эстафеталық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті.
Samruk Swim Team қатысушыларын тамаша нәтижелерімен, жарқын жеңістерімен және лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен жеңіс тілейміз!