Оның хабарлауынша, былтыр Samruk Qyzmet бірыңғай рекрутинг порталы толыққанды жұмысын бастады. Бір жыл ішінде портал арқылы өтініш бергендердің саны 60%-ға өсіп, 134 мыңға жетті. Бұл жұмыс беруші ретінде «Самұрық-Қазынаға» қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. 2022 жылы портал арқылы 7300 қазақстандық жұмысқа тұрды7
Ғибрат Ауғановтың айтуынша, кез келген азамат qsamruk.kz сайтына кіріп, қазіргі кезде Қазақстан бойынша бос орындарға өтініш білдіре алады. Порталда үміткерлерді бастапқы іріктеу автоматтандырылған, бұл адами факторды толығымен жояды.