К 30-летию Независимости Казахстана | 07 қыркүйек 09:39

8 айда – 168 млн тонна жүк

Биылғы қаңтар-тамыз айларында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ желісінде 168 млн тоннадан астам жүк тиелді. Бұл орайда ел ішінде темір жол көлігімен 109 млн тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 1,4% жоғары, деп хабарлайды Sknews Rail-News.kz сайтына сілтеме жасап.

Экспортқа 59 млн тонна тиелді, өткен жылға қарағанда өсім 3,8% құрады. Тас көмір өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 5% артығымен, яғни 67,7 млн тоннаға дейін тасымалданды. Оның ішінде республика бойынша тұтынушыларға 47,5 млн тонна қатты отын жеткізілді, өткен жылға қарағанда өсім 4% құрады.

Астық тиеу 10,5% өсіп, 5,8 млн тоннаны құрады. Экспортқа 4,3 млн тонна жүк жөнелтілсе, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 16% өсті. Сондай-ақ, өткен жылы мұнайлық жүктерді тиеу көлемі 7,9%-ға, яғни 11,6 млн тоннаға дейін, темір және марганец кенін тиеу 4,8% немесе 18,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

8 айдың қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымы 156,9 млрд т-км неттоны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 3,5%-ға жоғары.