QAZAQ AIR ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуде және бортта қолайлы жағдайды қамтамасыз етуде ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында авиатасымалдар нарығында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, компания операциялық тиімділікті арттыру және шығындарды азайту – компанияның одан әрі дамуына ықпал етті.
2018 жылы Qazaq AIR IOSA халықаралық қауіпсіздік стандарты бойынша сертификаттық аудиттен сәтті өтті. Әуе компаниясы 2019 жылы ресми түрде IATA мүшесі болды және Астана қаласының әуежайында базасы бар хабтық маршруттық желіні іске қосты – бұл рейстер санының артуына едәуір үлесін қосты. Базаны Елордаға көшіру туралы шешім еліміздің өңірлері арасында ыңғайлы әуе қатынасын қамтамасыз етті. Әуе кемелеріне желілік қызмет көрсетудің жеке станциясы іске қосылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасында флотты қайта тіркеу жүргізілген 2021 жыл маңызды кезең болды.
2022 жылы QAZAQ AIR халықаралық бағыттарды ұлғайтты. Осы кезеңде компания өзінің авиациялық оқу орталығын сертификаттады. 2021 жылдан бастап QAZAQ AIR өз шығындарын ақтай бастап, 2022 жылы алғашқы операциялық пайдаға шықты.
QAZAQ AIR өңірлердің дамуы үшін маршруттардың әлеуметтік-маңыздылығына қарай, сонымен қатар, өзге авиатасымалдаушылардың реактивті флотының ұшуға техникалық мүмкіндігі жоқ немесе жолаушылар ағыны жеткіліксіз маршруттарда жалғыз тасымалдаушы рөлін атқарады.
Ағымдағы жылы QAZAQ AIR авиация индустриясындағы қызмет көрсету сапасын тәуелсіз бағалауымен танымал болған Skytrax рейтингі бойынша Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік үштігіне қайта кірді. Жоғары марапат әуе компанияның жолаушыларды сапалы қызметтермен, жайлылықпен және қауіпсіздікпен қамтамасыз етудегі жетістігінің дәлелі.
Отандық авиатасымалдаушы Астанада базасы бар өзінің хабтық маршруттық желісін өңірлік және халықаралық бағыттар бойынша белсенді дамытуға ниетті.