Қазан айында көмір тасымалына деген сұраныс артқан. Жоспарға сәйкес, 9 млн тонна көмірді тиеу қажет болса, 14 күнде жоспар 103%-ға орындалған. Оның ішінде Қазақстан бойынша жоспар 111%-ға орындалды.
Елдегі жылу электр орталықтары үшін 46 млн тонна көмір тасымалданған. Бұл жоспардың 101%-ға орындалды деген сөз. Сәйкесінше, барлық ЖЭО-нда көмір қоры жеткілікті. Қазақстан Темір Жолы биылғы жылу беру маусымынжа жүк тиеу жоспар аясында болады деп жоспарлап отыр.
Азық-түлікті тасымалдау көлемі 1,8 мың тоннаға жетіп, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 103% өскен.
ҚТЖ астық тасымалдайтын және жабық вагондарды пайдалану жөніндегі өзара іс-әрекетті жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда вагондардың саны жеткілікті. Күн сайын астық тасымалдайтын 500-600 вагонға өтініш түседі және ол өтініш толық қанағаттандырылады.
"Қазір астық тасу жұмысы қызған кез, сондықтан астық тасыйтын маршруттарды уақытында қалыптастырып отыратын жедел штаб құрылған. Жүк тасымалдайтын вагондар тиісті кестеге сай жұмыс істесе, биылғы астық уақытында тиеліп, уақытында жетеді" делінген ҚТЖ хабарламасында.