К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қазан 12:13

9 айда ҚТЖ желісі арқылы 190 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте тиеу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 700 мың тоннаға, яғни 190,7 млн тоннаға дейін өсті. 

Тарқата айтқанда, 77,6 млн тоннадан астам тас көмір тасымалданды, оның ішінде қазақстандықтарға 54,3 млн тонна жеткізілсе, ал экспортқа – 23,3 млн тонна.

9 айдың қорытындысы бойынша астық тасымалы 41,2% артып, 8,5 млн тоннаға жетті. Экспорт 54%-ға, 7 млн тоннаға дейін өсті. Ішкі тасымалдау көлемі 1,5 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезең көрсеткішінен 1,5% жоғары.

Сондай-ақ химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау 6%-ке, 3,1 млн тоннаға дейін, темір рудасын тасымалдау 3,1%-ке, 15,3 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктерін тасымалдау 3,8%-ке, 12,7 млн тоннаға дейін өсті.

2023 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ке өсіп, 201 млрд т-км құрады.