Тас көмір тиеу 73,3 млн тоннаны құрады, теміржолшылар ел ішінде 52 млн тоннасын тасымалдады. Республика бойынша астық тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 11,2% өсіп, 1,7 млн тоннаны құрады. Барлығы 6,7 млн тонна астық тасымалданды,
2024 жылғы тоғыз ай қорытындысы бойынша тиеу ұлғайды:
мұнай жүктері 2,7%-ке, 14,4 млн тоннаға дейін, қара металдар 2,8%-ке, 3,3 млн тоннаға дейін, темір кені мен марганец 3%-ке, 15,8 млн тоннаға дейін, түсті кен және күкірт шикізаты 10,4%-ке, 18,6 млн тоннаға дейін. Химиялық тыңайтқыштар экспорты 7,1%-ке, 968 мың тоннаға дейін өсті."Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі