Жоба ең алдымен шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарды тексеруге және медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетуге бағытталған.
«Былтыр 26 сәуір мен 5 желтоқсан аралығында пойыз 17 аймақтың 121 шалғай станциясымен жүрді. 90 мыңнан астам ауыл тұрғыны қамтылды», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.