Бір күнде жүгірушілер «Семей – Бөрілі» бағыты бойынша 80 шақырым және «Семей – Жидебай» бағыты бойынша 160 шақырым еңсерді. Жүгірушілер атап өткендей, отандық спорт тарихында алғаш рет 100 мильдік марафон ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – көрнекті ұлы ақынның мерейтойына кеңінен назар аудару, сондай-ақ салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдануды насихаттау.
29 жастағы Семей жолының монтері (ПЧ-39) Еркебұлан Ахмадиев «Семей – Бөрілі» бағыты бойынша 80 шақырымды 7 сағат 20 минут 21 секундта жүгіріп өтіп, үшінші орынды иеленді.
- Марафон жақсы деңгейде өтті. Менің орташа қарқыным 5:37 мин/км болды. Мен спортпен, жүгірумен шұғылданғаныма шамамен 5-6 жылдай болды. Компаниямызда спортшыларға жақсы қолдау көрсетеді, жеңістерге жетуге демеу бергені және ыңталандырғаны қуантады. Күрделілігіне қарамастан маған өз жұмысым ұнайды. Жол монтері ретінде шамамен үш жыл жұмыс істеймін. Спорт менің жұмысыма көп көмектеседі, - дейді Еркебұлан Ахмадиев.
Айтпақшы, бұл жас теміржолшының алғашқы жеңісі емес. Ол әр түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болды және қазір жаңа шыңдарды бағындыруға дайындалуда.