Аталған сыйлық елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, абыройлы еңбегімен, адамгершілігімен, жан жылуымен өзгелерге үлгі болып жүрген қоғам қайраткерлеріне беріледі.
Айта кетейік, өткен жылы аталған байқауда әріптесіміз Абат Балабаев «Парасатты тұлға» номинациясын иемденген болатын.
Сонымен қатар, мереке күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосқан үлесі үшін Абат Амантайұлын ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Алғыс хатпен марапаттады.