К 30-летию Независимости Казахстана | 28 апреля 15:24

«Адамдар — басты құндылығымыз»

 

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында өндірістегі қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәдениетін арттыруға бағытталған арнайы іс-шаралар өтті. Белгіленген уақыт ішінде қызметкерлер сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындады.

Айта кетейік, ұлттық компания еңбекті қорғау мен қауіпсіздікке ерекше мән береді. ҚМГ-ның өндірістік нысандарында тәуекелдерді төмендету, «жарақаттану деңгейін нөлге жеткізу» мақсатында цифрлық жобалар, соның ішінде жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілген.

Жалпы, Маңғыстау облысындағы Жетібай және Қаламқас кен орындарында TUMAR интеллектуалды жүйесі табысты іске қосылды. Бүгінде жобаны басқа еншілес кәсіпорындарға тарату жұмыстары жалғасуда.