Қордың кадр саясатының міндеттері мен басымдықтарын жалпы байыптауды қалыптастыру, компаниялар арасында коммуникацияларды арттыру, тиімді HR тәжірибелермен алмасу мақсатында саланың маңызды мәселелерін талқылау үшін HR саласының 200-ден астам маманы жиналды.
Шараға Қазақстанның ірі компаниялары - Қазатомөнеркәсіп, Қазмұнайгаз, Қазақтелеком, Қазақстан темір жолы, Air Astana, Қазпошта, Самұрық-Энерго, KEGOC және басқа да көптеген компаниялардың, сондай-ақ олардың филиалдары мен еншілес ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты.
Форумға өз салаларында көшбасшы болып табылатын халықаралық компаниялардың сарапшылары шақырылды. SAP Германия өкілі HR-дегі мета-трендтер туралы әңгімелесе, ал PwC Еуразия сарапшылары жұмысшылардың өсуі мен дамуы үшін қолайлы ортаны қалай құру керектігі туралы бөлісті.
Форумның бірінші панельдік сессиясы аясында пікірталас өтіп, оған ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Олжас Ордабаев және Қордың қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысты. Спикерлер шараға қатысушыларға ел халқымен және Қор компаниялары тобының қызметкерлерімен әлеуметтік тұрақтылықты арттыру саласында алдын алу жұмыстары шеңберінде қабылданып жатқан шаралар мен құралдар туралы айтып берді.
Атап өткен жөн, 2022 жылдың желтоқсанында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кадрлық саясаты қайта қаралып, кадрлық әлеуетті дамытуда, жалпы қызметкерлердің, сондай-ақ инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруда жаңа басымдықтар айқындалды. Мұнда ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылыққа, корпоративтік мәдениетті нығайтуға, орнықты дамуға, инклюзивтілікке, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және Қор компаниялары тобы ішіндегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылып отыр.
«Самұрық-Қазына» - Қазақстанның ірі жұмыс берушісі. Компаниялар тобымызда барлығы 259 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар бүкіл Қазақстан бойынша мұнайшылар мен газшылар, теміржолшылар мен кеншілер, металлургтер мен инженерлер, байланысшылар мен атомшылар, пошта, авиация және энергетика қызметкерлері. Осындай жан-жақты холдингте кадр саясатын жетілдіру - күрделі міндет және үлкен жауапкершілік. Өйткені Қор компаниялары тобының басты құндылығы адами капитал болып табылады және оны дамытуда HR қызметкерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін біріктіре отырып, өте маңызды міндетті орындайды», - деп атап өтті Қордың қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Форум аясында адам ресурстарын басқару саласындағы сараптама мен нетворкингті тарту орталығы – «HR school» жаңа жобасы басталды. Онда топ қызметкерлері озық салалық тәжірибелерге оқытылатын болады. Оқу жобаға шеберлік шараларын, дөңгелек үстелдерді, нақты бағыттар бойынша тренингтер мен тәжірибелік сабақтарды енгізу арқылы HR мамандарының жұмысының барлық қырына әсер ететін модульдік оқыту бағдарламасынан тұрады.
Сонымен қатар, форумға қатысушылар «Ортақ іске тарту және ынталандыру», «Корпоративтік мәдениет», «HR-процестерді автоматтандыру», «Оқыту және дамыту» секцияларында бірлескен жұмыс жүргізді.
HR саласындағы көшбасшылар өз тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ трендтерді талқылап, жаңа тағылымдама бағдарламаларын ашу, рекрутингтік процесті автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқаты бойынша зерттеулер жүргізу, тәлімгерлік жүйелері, ESG стандарттарын енгізу, қызметкерлердің балаларына арналған жобаларды іске асыру, жаңа цифрлық құралдарды енгізу және басқа да көптеген тақырыптар бойынша сараптамамен бөлісті.
HR-форум адам ресурстарын басқарудағы мамандарға арналған шаралар сериясының біріншісі болды. Келесі қадам – «HR school» бірінші модулі және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының үздік HR жобасына арналған байқаудың қорытындысын шығару.