«Әлемдегі пандемия салдарынан 2020 жылғы ерекше жағдайға байланысты әлемде инвестиция ағыны 35%-ға азайды. 2021 жылы инвестиция ағыны қалпына келіп, Қазақстан 23,7 млрд долларды тарта отырып, 37,7% болатын өсімді көрсетті. Инвестициялық саясаттың жаңа тұрыжымдамасында сәйкес тікелей шетелдік инвестицияның жыл сайынғы ағыны 22 мың, 2026 жылға қарай 25,5 млрд доллар болуы керек», – деді Алмас Айдаров.
Сондай-ақ Алмас Айдаров елде тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, сауда, қаржы және сақтандыру қызметі, құрылыс бойынша өсім байқалатынын жеткізді.
«Инвестицияның төмендеуі білім беру, денсаулық, сумен жабдықтау салаларында байқалды. Нысаналы көрсеткішке қол жеткізбеу Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді. 2021 жылы шетелдік инвестиция тарту бойынша нысаналы көрсеткіштер 11 өңір бойынша асыра орындалды. Жоғары өсімді Түркістан, Маңғыстау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы көрсетті», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.