К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қараша 08:25

Әлеуметтік жоба табысты болу үшін не істемек керек?

Бұл туралы арнайы SK News үшін "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас менеджері Әсет Қылышбаев айтып берді. Мәселен, сарапшы пікірінше, ең алдымен "әлеуметтік жоба" ұғымының астарына үңіле біліп, оны жасау кезінде нені ескеру қажеттігін айқындап алған жөн.

"Біздің Қорға күнделікті көптеген өтінімдер мен жобалар келеді, бірақ бір байқағаным - өтінім берушілердің басым бөлігі өздерінің жобаларына толығымен кіріспейді. Кейбірі құзырлы құрылымдар арқылы жұмыс істемейді, кейбірі түпкілікті нәтижені анықтай алмайды, ал кейбіреулерінің жай ғана іске асыру жоспары жоқ", - дейді ол. 

Әсеттің сөзіне қарағанда, жобаны бастаған кезде бірден бірнеше факторларды қарастырған жөн:

- нақты мәселені шешуге бағыт алыңыз - қандай мәселені шешу керек екенін және осы мақсатты жасауға неге дайын екеніңізді нақты түсіну қажет;

- соңғы бенефициардың болуы – сіз өз аудиторияңызды анықтаңыз: оны кім үшін жасап жатырсыз;

- серіктестердің болуы - жобаны құру әріптестерді - әлеуметтік, коммерциялық, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды тартуды қамтиды. Кейбіреулер сізге басшылық ете алады, тәжірибе алмасады, ал басқалары - демеушілік көмек, ал келесілері - мысалы, заңнама мәселелері, қажетті алаңмен қамтамасыз ету бойынша және басқа да жолдармен көмектеседі;

- өлшенетін түпкі нәтиже - нақты нәтижелерге жетуіңіз керек - қандай пайда әкелетінін, мысалы, сіздің жобаңыздан қанша адам нақты көмек ала алатынын түсіну үшін қажет;

- жаңашылдық - сіз біреудің бұған дейін жасағанын қайталасаңыз, мәселеге назар аударта алуыңыз екіталай. Мәселеге өзіңіздің бірегей шешіміңізді қабылдағаныңыз дұрыс болады, басқа әлеуметтік белсенділердегіден өзге, жобаны жүзеге асыруға бағытталған әртүрлі тәсілдер қолданыңыз;

- мультипликативтік - жобаны кеңейту мүмкіндігін қарастыру - мүмкін, сіздің тәжірибеңіз біреу үшін пайдалы болады және болашақта ол өз бастамаларына қолдана алады.

Пайдалы мәліметті әрі қарай толығырақ оқу үшін келесі сілтемені басыңыз: bit.ly/2PsQKHb