«Әрекет» жобасы коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға және оларды бизнес жүргізу дағдыларына үйретуге бағытталған. Байқау аясында әрбір коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа үміткер бола алады.
Байқауға қатысу сізге келесідей мүмкіндіктер береді:
әлеуметтік кәсіпкерлік саласында білім мен дағдыларды дамыту; сарапшылар кеңесін алу; кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту; әлеуметтік жобаны бастау немесе дамыту үшін Қор тарапынан қаржыландыру алу.Жобаға қатысу үшін 17 қыркүйекке дейін өтінім беру қажет. Конкурсты өткізу кезеңдері мен ережелері туралы толық ақпарат www.sk-trust.kz сайтында қолжетімді. Сондай-ақ, Сіз жоба менеджерлерінен 8 705 376 40 00 (Whatsapp) нөмері арқылы және areket.skt@gmail.com поштасы арқылы кеңес ала аласыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram