К 30-летию Независимости Казахстана | 17 мамыр 13:02

Әлеуметтік маңызы бар жүктердің 85 пайызы «Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен тасымалданады

Жыл сайын «Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен ел бойынша әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдаудың 85%-не дейін қамтамасыз етіледі, деп хабарлады Rail-news.kz.

2022 жылы 69,2 млн тонна әлеуметтік жүк тасымалданды. Биыл бұл көрсеткіш 3%-ға артады деп болжануда.

Әлеуметтік маңызы бар жүктер – бұл тұрғындар мен ЖЭО қажеттіліктері үшін көмір, инфрақұрылымдық жобаларды салу үшін қиыршық тас, ұн тарту өнімдері, азық-түлік және тез бұзылатын өнімдер.

Үйілме-төкпелі жүктерді (көмір, қиыршық тас және т.б.) тасымалдау үшін «Қазтеміртранс» АҚ-ның жартылай вагондары пайдаланылады. Тартылған ұн өнімдері, азық-түлік және тез бұзылатын өнімдер жабық вагондар паркімен тасымалданады. Вагондармен қамтамасыз ету мәселесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бақылауында.