Ол түрлі тақырыпқа қалам тербеп, ән шырқайды. Оған қоса мұнайшының жазған ондаған әнін еліміздің эстрада жұлдыздары орындайды. Марат жазған әуендер ішінде кең таралғаны – Тамара Асардың орындауындағы «Қазақстаным» әні.
Марат Сәулебай 2020 жылы ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Ол компанияда 8 жылдан аса уақыт қызмет етіп келеді. Кен орындағы шығармашылық іс-шараларды ұйымдастырумен айналысып, әлеуметтік-қоғамдық өмірге белсенді қатысып келеді. Бос уақыттарында ән шығарып, өлең жазумен айналысады. Композитордың шығарған әндерін белгілі қазақстандық әншілер Тамара Асар, Абай Бегей және басқалар орындап жүр.