К 30-летию Независимости Казахстана | 24 ақпан 09:25

АЭС бойынша жария тыңдау кейінге шегерілді

Шара мәслихат депутаттары сайланғаннан кейін өтеді.  

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі болашақ атом электр станциясының орналасқан жері бойынша жария тыңдау күнін кейінге қалдыру туралы хабарлады.

«Барлық мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз ету маңызды деп санаймыз. Алайда, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және сайлауға дайындалуына байланысты қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес» делінген Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігінің хабарламасында.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@zhambyl_audany)

Сайлау қорытындысы бойынша мәслихат құрамы қалыптастырылғаннан кейін Жария тыңдаулар өткізу туралы шешім қабылданды.

Тыңдаулар өткізудің күні мен уақытын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес қосымша жарияланатын болады.