«Көмірмен салыстырғанда атом энергетикасының зиянды шығарындылары аз. Тіпті, жоқ деп айтуға болады. АЭС салу ісінде экология министрлігінің өзіндік позициясы бар. Оны іштей сараладық, пысықтадық. Электр станциясы құрылысы алдында іске асыратын бірнеше шара бар. Біз АЭС салынуы мүмкін аумаққа стратегиялық және экологиялық талдау жасаймыз. Оның экожүйеге қалай әсер ететінін, судың жеткілікті болуын анықтауымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, Балқаш көлінің арнайы статусы бар. Оны да назарға алу маңызды», - деді Зүлфия Сүлейменова.
Айтуынша, АЭС салуда ескерілуі қажет талаптар тізімі энергетика министрлігіне жолданған. Экологиялық шаралар құрылыс басталған уақытқа дейін қабылданып болуы тиіс.