Қазпошта СЕО Әсел Жанасова Inclusive Fintech Forum халықаралық финтех форумында компанияның қазір қандай инклюзивті стратегия қағидаттарын ұстанатыны туралы айтып берді. Компанияның баспасөз қызметі Әсел Жанасованың өзекті ойларын жинақтап ұсынды:
Қазпошта – елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі және ол ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтамасыз етілуін үнемі қолдайды. Қазпошта қызметкерлерінің 90%-ы өңірлерде жұмыс істейді. Ал жұмысшылардың 60%-дан астамы әйелдер. Қазпошта – қала мен ауыл арасындағы коннектор, ол мемлекеттік органдар мен ауыл халқын байланыстыратын ұйым. Биылғы көктемнен бастап 100 ауылдық пошта бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола бастады. Пошталық цифрлық қызметтер ауыл тұрғындарының өмірін өзгертті. Тек пошта бөлімшелерінде ауылдық жерлерде тұратын қазақстандықтар банк шоттарын ашып, депозиттер мен кредиттер рәсімдей алады, ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алып, сата алады. Қазпошта зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды жеткізіп, әр азаматқа, оның ішінде елдің ең шалғай өңірлерінде тұратын тұрғындарға ақша бере алады. Қаражатты басқару – бұл экономикалық инклюзия.