К 30-летию Независимости Казахстана | 13 марта 17:33

Әскерилендірілген теміржол күзеті автопаркі 78 жаңа техникамен толықты

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС қызметкерлеріне жаңа қызметтік техниканы табыстаудың ресми рәсімі өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар аясында күзет бөлімшелерінің қажеттіліктері үшін 78 Toyota Hilux жол талғамайтын көлігі сатып алынды.

Жаңа автомобильдер кәсіпорынның республика бойынша аумақтық филиалдары арасында бөлінді. Көліктер қызметтік талаптарға толық сәйкес жабдықталған және теміржол инфрақұрылымы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға арналған.

Бөлімшелерді заманауи арнайы техникамен қамтамасыз ету қызметкерлердің жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді. Сонымен қатар стратегиялық маңызды теміржол объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін едәуір жоғарылатады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов материалдық-техникалық базаны нығайту және қызметкерлер үшін заманауи еңбек жағдайларын жасау компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Бүгінде «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС-да қызметті дамытуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Автопаркті жаңартумен қатар, қызметкерлерді заманауи талаптарға және күзет қызметін алып жүру шарттарына сай келетін жаңа қызметтік формамен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Қабылданып жатқан шаралар теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруға және елдің көлік саласындағы стратегиялық маңызды объектілерді сенімді қорғауға бағытталған.