К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қазан 16:29

Әуе билетін 6 мың теңгеге қалай алуға болады? FlyArystan жеңілдік науқанын жариялады

Халықаралық рейстерге билеттердің құны жеңілдікпен 25 000 теңгеден басталады.

Қазақстандық лоукостер – FlyArystan әуе компаниясы әуе билеттерін сатып алуға жеңілдіктер ұсынды. Жеңілдікке ие әуе билеттерін 16 қазан сағат 15:00-ден 2024 жылғы 17 қазан сағат 14:59-ға дейінгі аралықта сатып алуға болады.

Қазақстан бойынша билеттердің бағасы 6 мың теңгеден басталса, халықаралық рейстерге билеттердің құны жеңілдікпен 25 мың теңгеден басталады.

«Жеңілдік билеттері 2025 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылдың 29 наурызы аралығындағы рейстерге қолжетімді. Билет бағасына борттағы кездейсоқ орын және 5 келіге дейінгі бір қолжүгі (өлшемі 56 x 23 X 36 см) кіреді. Басқа қосымша қызметтерді тасымалдаушы алдын-ала сатып алуды ұсынады», – делінген компанияның хабарламасында.