Бүгінгі таңда «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының бұл қызметін 8 бағыт бойынша пайдалануға болады: Алматы – Өскемен, Алматы – Маңғыстау, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана, Ақтөбе – Алматы, Астана – Алматы, Астана – Шымкент.
Вilet.railways.kz сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларында жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде «әйелдер» вагоны «ЖН» арнайы литерасымен белгіленеді.
Жолаушылардың жайлы сапарлауы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және жол жүру жолында әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Әр рейс алдында пойыз бригадасының барлық қызметкерлері нұсқаудан өтеді.
Әйелдерге арналған вагондарда 7 жасқа дейінгі ер жолаушылардың жол жүруіне рұқсат. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Telegram боты арқылы алуға болады.